KZ RU EN
Генеральный партнёр

Team Kazakhstan жобасы

 Байланыстар

 Шығу тарихы

10 жасқа дейінгі теннис

 10 жасқа дейінгі теннис

 Список игроков

 Мектеп теннис бастамасы

 Ойындар күнтізбесі

 Мектеп және балабақша тізімі

Шағын теннис дегеніміз не?
 
Шағын теннис бұл:
 
Балаларға теннисті оқыту кезінде ойынды қолдану арқылы, қызық та белсенді түрде көрсетудің ең тиімді әдістерінің бірі.
 
  Сәйкес құрал-жабдықтарды (аз қысымды доптар, бейімделген торлар мен ракеткалар) және ойын алаңдарын қолдану балаларға теннис ойынынан қанағаттану алуға көмектеседі. Кез келген түзу алаңдар, мектеп алаңы немесе ойын алаңы, шағын тенниспен шұғылдану үшін корт ретінде қолданылуы мүмкін. Қарапайым ережелер және минимум техника, оқытуды жеңіл, тез әрі қызықты қылады.
 
Шағын теннис – бұл бастауыш мектепте теннис ойынын көрсетудің тамаша жолы.
 
Шағын теннис – бастапқы деңгейде ойынның таралуының өзекті элементі.
 
  Мектепке дейінгі бағдарламада ойынды бастау үшін минимум теннистік техниканы талап етеді. Оның орнына бағдарламада, теннисті үйренуге болысатын, келтіруші ойындар қолданылады. Істеп – Үйрен!
 
  Оқыту орнындағы оқытушының мақсаты – бұл бастапқы кезеңде қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің дамуына көмектесетін жаттығулар мен тапсырмаларды ұйымдастыру.
 
  Бағдарламаның бастапқы мақсаты – теннисті, 4-6 жастағы мектеп алды ұйымдарындағы және 6-10 жастағы мектептегі балаларға шағын теннис көмегімен көрсету арқылы, бүкіл елдегі теннис ойнайтын адамдардың санын көбейту.
 
* Бұл бағдарлама балалардың көп санына теннис ойнау және одан рахат алу мүмкіндігін береді, сәйкесінше елде тенниспен шұғылдану базасы ұлғаяды, ол өз кезегінде ойынның жалпы деңгейінің жоғарылауына әкеледі.
 
* Бағдарламаның басым мақсаты дарынды ойыншылардың оқу орнындағы шағын теннис бағдарламасынан, кортта үлкен тенниспен айналысуға өтуін қамтамасыз ету болып келеді.
 
* Оқу процесінде оқып – үйренуге дайын, келешекте бастапқы және орта деңгейдегі теннис жаттықтырушылары бола алатын оқытушылар пайда болады.
 
Бағдарламаның басталуы
 
  2008 жылы Қазақстан теннис Федерациясының қолдауымен елде «Мектеп бастамасы» бағдарламасы іске асты. Бағдарламаны Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Өскемен қалаларының аймақтық федерациялары қолдады. Әрбір қалада Білім Департаментінің мақұлдауымен, мектеп және балабақша мекемелерінде, денешынықтыру сабақтарында шағын теннис бағдарламасын енгізуді іске асырды. Аймақтық координаторлар арасынан семинарлар өткізіліп, бағдарламаны енгізу мәселесін мақсат етіп қойды. Семинанарда аймақтық коорлинаторларды белгіледі.
 
Аймақтық координаторлар
 
  Аймақтық координаторлардың негізгі рөлі- мектептермен балабақшаларда шағын теннис бағдарламасын ұйымдастыру және ұстаздарға алғашқы сабақ беру әдісін көрсету.
 
  Координаторлардың жұмысы- бағдарлама орындалуын қадағалау, талантты балаларды анықтау және шағын теннистен жарыстар ұйымдастыру.


19/11/2018-23/11/2018


17.10.2017
Атыраудың Теннис орталығында қаланың үздік теннис шеберлері мен «Атырау» футбол клубының ойыншылары...
19.09.2017
Өткен апта Қазақстан теннисшілері үшін өте жемісті болды. Астанада Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис...
18.09.2017
Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен...



"Қазақстанның теннис Федерациясы" 2011 год
Өзге сайттан материалды қолданған кезде, сол сайттың сілтемесін және авторын міндетті түрде жариялау қажет

Федерация тенниса Казахстана
Обратная связь
E-Mail:
Имя:
Сообщение