KZ RU EN
Генеральный партнёр

Team Kazakhstan жобасы

 Байланыстар

 Шығу тарихы

10 жасқа дейінгі теннис

 10 жасқа дейінгі теннис

 Список игроков

 Мектеп теннис бастамасы

 Ойындар күнтізбесі

 Мектеп және балабақша тізімі

Атақты теннисшінің өзі келді
19.07.2017

Облыс орталығында теннис орталығы ашылғаннан бері жыл санап жас теннисшілер саны артып келеді. Қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы орталықта 220 балғын спортшы жаттығуда.
 
  Таяуда теннистен ұлттық құраманың мүшесі Галина Воскобоева арнайы келіп, шеберлік сабақтарында өз тәжірибесімен бөлісті. 
Облыстық теннис федерациясының директоры Марат Тәтембаевтың айтуынша, бұл спорт бұқаралық сипат алып келеді.  Аталмыш шеберлік сабақтары балаларды шабыттандырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттырады және жаңа жеңістерге құлшындырып, белестерге жетелейді. Ал, Галина Воскобоеваның сөзіне зер салсақ, теннистің дамуына Қазақстанда зор көңіл бөлінген. Заманауи жабдықталған орталықтың өзі жас өрендердің алаңсыз жаттығуына жайлы.     
Сабақ барысында айтулы спортшы жас теннисшілердің ата-аналарымен де сөйлесіп, пікірлесті. Солардың бірі – Арман Досанова. Оның айтуынша Сәлия есімді қызын осы орталыққа әкеліп жүргеніне бір жыл. Тәжірибелі тренер Ульяна Горлочеваның ыждаһатты еңбегінің арқасында бірнеше рет спорттық додаларға да қатысып, жақсы нәтижелерге де қол жеткізген. Арман өз кезегінде баланы спортқа баулып тәрбиелеп жүрген жаттықтырушыларға, сонымен қатар, айтулы спортшы Галина Воскобоеваға алғысын жеткізді.   
 
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.
 

Назад

10/12/2018-16/12/2018


17.10.2017
Атыраудың Теннис орталығында қаланың үздік теннис шеберлері мен «Атырау» футбол клубының ойыншылары...
19.09.2017
Өткен апта Қазақстан теннисшілері үшін өте жемісті болды. Астанада Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис...
18.09.2017
Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен...



"Қазақстанның теннис Федерациясы" 2011 год
Өзге сайттан материалды қолданған кезде, сол сайттың сілтемесін және авторын міндетті түрде жариялау қажет

Федерация тенниса Казахстана
Обратная связь
E-Mail:
Имя:
Сообщение